О внесении изменения и дополнения в решение Акима области от 21 января 2000 года № 9 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 284 «2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік классификацияларға № 15 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2000 жылғы 15 маусымдағы № 15 хатына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің «2000 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 9 шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: «Жергілікті деңгейдегі балалармен мәдениет шараларды өткізу» «Мемлекеттік тапсырыс» 4.2.263.35.30. бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру нысаны «Басқалар» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.