О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2001 года N 1092 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 588 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 387-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесінде: мына: "8802 11 100, Жаңа азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар" 8802 12 100, 8802 20 100, 8802 30 100, 8802 40 100 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "8802 11 100-ден, Азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар: 8802 12 100-ден, шығарылған күнінен 15 жылдан 8802 20 100-ден, көп емес пайдалануда болған ТМД елдерінің өнімі; 8802 30 100-ден, шығарылған күнінен бастап 10 жылдан 8802 40 100-ден көп емес пайдалануда болған ТМД-ға кірмейтін елдердің өнімі".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.