О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 21 мая 2001 года N 54 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 54 "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісін жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 54 "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" V011521_ бұйрығына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет
органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі
Нұсқаулыққа:
45 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Қазақстан
Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 635-бабының
талаптарына сәйкес жасалады."
48-тармақ жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен
күнінен бастап күшіне енеді.