О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2001 года N 626 "Об утверждении Инструкции о порядке рассмотрения и разрешения обращений и организации приема граждан в органах, организациях Министерства внутренних дел Республики Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1672 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1672 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 626 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйрықты қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жақсарту және халықпен жұмыс істеу жағдайына ішкі істер органдары басшыларының жауапкершілігін арттыру, ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтардың арыздары мен өтініштерін жүйелеу мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта: "ҚАЖ Комитет төрағасы" деген сөздер "комитеттерінің төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшада "тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін" деген сөздер "ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 3-іне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын; аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау мен шешуді және қабылдауды ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықта: 4-тармақ алынып тасталсын; 34-тармақтың ескертпесі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Ішкі істер министрлігінің Хатшылық басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Хатшылық басқармасына (Ә.А.Ақанов) жүктелсін.