О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 21 марта 2001 года N 70 "О Центральной комиссии по разработке нефтяных и газовых месторождений" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегі орталық комиссия туралы" 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Мұнай және газ кен орындарын ашу жөнiндегi Орталық комиссияның құрамын өзгерту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің "Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi орталық комиссия туралы" (бұдан әрi - КӘОК) 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген КӘОК құрамына:
Козырь С.О. - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар мен
қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің
Қоршаған ортаны қорғау басқармасы
мемлекеттiк экологиялық сараптама
бөлiмiнiң бастығы;
Нұрабаев Б. - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлiгiнiң
"Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк
басқармасы" РМК директоры.
көрсетiлген құрамнан Қаппаров Н.Ж., Шырдабаев Ж.М. және Керiмқұлов В.А. шығарылсын.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдалану департаментi бұйрықтың Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Вице-Министрi Б.Д. Еламановқа жүктелсiн.