О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2001 года N 985 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекiтiлген облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi санында: "Оның iшiнде әкiмнiң орынбасарлары (бiрлiк)" деген бағанда: "Оңтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолдағы "66" деген сан "67" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.