О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2002 года № 932 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 28, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым ставкаларында: реттік нөмірі 1) жолдың 2-бағаны ", CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоға қол жеткізу жүйелерінің абоненттік терминалдары" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.