О внесении дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 21 мая 2003 года № 127 «О порядке оказания материальной помощи отдельным категориям граждан», государственный регистрационный номер 2259 Күшін жойған
Басқа 0
Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2259
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 134 «2003 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 2259 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету Ережелерінің қосымшасында 1-бөлімінің 1-тармағына келесі мазмұнымен 5) тармақшасын толықтыру енгізілсін:
«5) табысы төмен азаматтарға жеке куәліктерін ресімдеуге 400 (төрт жүз) теңгеден аспайтын».
Тармақ 2
2. Қарабалық аудандық мәслихатының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 159 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» шешімі мемлекеттік тіркеуде қабыл алмауына байланысты, бұрын қабылданған Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 98 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің кеңесшісі С.М. Досжановқа жүктелсін.