О внесении дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 21 мая 2003 года № 127 «О порядке оказания материальной помощи отдельным категориям граждан», государственный регистрационный номер 2259 Күшін жойған
Басқа 0
Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысына
толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмері 2259
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 134 «2003 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай қаласына емделуге жіберілген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығының өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Ережесі» бекітілсін, 2-қосымша болып саналсын.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысына мемлекеттік тіркеу номер 2259» (Айна 2003 жылғы 20 маусым № 25) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармағының «қосымша» сөзінен кейін 1 толықтырылсын;
2) жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында 1-бөлімінің 1-тармағын келесі мазмұнда 6) тармақшасымен толықтырылсын:
«6) Қостанай қаласына жергілікті емделу мекемесінің жолдамасы бойынша жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүру шығындарын өтеу»;
3) 2-қосымшамен толықтырылсын (қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес).
Тармақ 3
3. Бұрын қабылданған Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 181 Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» «қаулысына мемлекеттік тіркеу номер 2259» қаулысына толықтырулар енгізу туралы»қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Бұрын қабылданған Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 28 шілдедегі № 184 «Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2259», қаулысына толықтырулар енгізу туралы»(Айна 2003 жылғы 20 маусым 25) қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Бұрын қабылданған Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 213 «Қарабалық ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы № 127 «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысына мемлекеттік тіркеу номер 2259» қаулысына толықтырулар енгізу туралы»қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің кеңесшісі Ж.Қ. Нұрмұхамбетовке жүктелсін.
Басқа 7. Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi
Қарабалық ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 11 қарашадағы
№ 248 қаулысына
қосымша
Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi
Осы Ереже «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» жөнiндегi бюджеттiк бағдарлама бойынша Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмек көрсетудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай қаласына емделуге жiберiлген жасанды иммунды тапшылық вирусымен (әрi қарай - ЖИТВ) ауыратындарға жол жүруге байланысты шығынын өтеу жөнiнде әлеуметтiк көмектi «Қарабалық аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (әрi қарай - уәкiлеттi орган) көрсетедi. Әлеуметтiк көмек төленедi, егер арыз берушi емделуден келген күннен бастап кемiнде 3 айдан соң»өтiнiш берiлсе. Арыз берушiнiң тұрған жерiнен елдi мекендерге дейiн жол жүру құжаттарының негiзiнде келетiн күнi немесе темiр жол, жолаушылар көлiгi келетiн стансаға дейiн (таксиден басқа) анықталады.
Емделуге байланысты емес жол жүру жөнiндегi шығыстары өтелмейдi.
Әлеуметтiк көмек алуға құқылы тұлғалар және 2003 жылдың мамыр-маусымда емделуге барып қайтқандар, егер олар 2003 жылдың 1 қазанына дейiн уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған болса, жол жүруге байланысты шығынын өтеп алуға құқылы.
Уәкiлеттi орган азаматтардың әлеуметтiк көмек көрсету туралы арызын қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әлеуметтiк көмек алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмектi»аталған түрi отбасының табысына қарамастан ЖИТВ-мен ауыратындарға көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Сонымен қатар әлеуметтiк көмек, егер дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның тұжырымында ауруды алып жүру қажеттiлiгi көрсетiлсе, ауруды алып жүрген бiр адамға берiледi.
Аталған жағдай 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдерге тарамайды, өйткенi әлеуметтiк көмек ауру балаға, оны алып жүрген ата-ананың бiреуiне, асырап алатын бала (қыз етiп асырап алу), қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) және басқа жақын туысына берiледi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмек алу
2. Әлеуметтiк көмек алу
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмек алуға үмiткер (әрi қарай - арыз берушi) жазбаша арыз бередi және әлеуметтiк көмек алу құқының растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтi» толықтығына, растығына, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажеттi құжаттар тiзбесi
3. Қажеттi құжаттар тiзбесi
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн мiндеттi түрде қажеттi құжаттар:
Тармақша 1
1) Қарабалық кентiнiң банк бөлiмшелерiнде жеке шоты және салық тiркеу нөмiрi көрсетiлген арызы;
Тармақша 2
2) Қарабалық орталық аудандық ауруханасың мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнына емделуге берген жолдамасы. Жолдама ресми бланкiге ресiмделедi, онда қол қойған лауазым иесiнiң толық атауы көрсетiледi, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты тұлғаны»қолы мөрмен расталады;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес жол жүру құжаттарының түпнұсқасы ұсынылады;
Тармақша 4
4) жеке куәлiктi»көшiрмесi;
Тармақша 5
5) аталған аурулармен ауыратындықтары туралы дәрiгерлiк кеңестiк комиссияның анықтамасының көшiрмесi;
Тармақша 6
6) Қостанай қаласының арнайы емделу мекемелерiнде емделуiне өтуде шындықты растайтын құжат.
Тармақ 8
8. Бұдан басқа келесi құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 4-тармағының 1-абзацында көрсетiлген азаматтардың санаттары үшiн:
ауруларды алып жүретiн адамның жеке басын куәландыратын құжаттық көшiрмесi;
Тармақша 2
2) осы Ереженiң 4-тармағының 2-абзацында көрсетiлген, азаматтардың санаттары үшiн:
ата-ананың, ұл бала асырап алушының (қыз етiп асырап алушының) қорғаншылар (қамқоршылар) құжаттардың көшiрмесiн ұсынады;
осы статустың бар болуын растайтын ұл бала асырап алушылар (қыз етiп асырап алушылар), қорғаншылар (қамқоршылар) құжаттарының»көшiрмесiн ұсынады;
ұл бала асырап алушылар (қыз етiп асырап алушылар) баланың ұл бала асырап алу (қыз етiп асырап алу) туралы соттың шешiмiн ұсынады.
Қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлiгiн немесе балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайындағаны туралы қорғаншылар және қамқоршылар органдарының шешiмi ұсынылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың уәкiлеттi органға салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы және көшiрмелерi берiледi. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексергеннен кейiн арыз берушiге қайтарылады. Уәкiлеттi органның жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмесiн мөрмен растайды және оларды iске қалыптастырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 10
10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi арыз берушi арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейiн 10 күн iшiнде бередi, ол туралы арыз иесiне хабарланады.
Тармақ 11
11. Жол жүру құжаттары болмаса әлеуметтiк көмек көрсетiлмейдi.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектi»мөлшерi
5. Әлеуметтiк көмектi»мөлшерi
Тармақ 12
12. Жол жүру құжаттарының негiзiнде Қостанай қаласына дейiн, көрсетiлген құжаттар құралдарының бiрiнен темiр жол, жолаушылар көлiгi бойынша жол жүру бағасынан 100 пайыз көлемiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi (екi жаққа да). Егер темiр жол, жолаушылар көлiгiнiң жөнелту стансасы (вокзал) елдi мекендер шегiнен алыс болмаса, арыз берушiнiң» тұратын жерiнен және оның жөнелту орнына жол жүру қажет болса, сондай-ақ әлеуметтiк көмек төлемi жол жүру құжаттары бар болғанда жалпы пайдаланудағы автомобиль көлiк құралдары (таксиден басқа) жол жүру бағасынан 100 пайыз көлемiнде жүргiзiледi (екi жаққа да).
Тарау 6. 6. Әлеуметтiк көмектi төлеу
6. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк көмектi төлеу ұсынушыларға жеке шоттарына аудару жолымен аудандық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Уәкiлеттi органы әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн жасап, есептеп, ай сайын Қарабалық аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне осы шығыстардың қаржыландыруға тапсырыс берiп отырады.
Тармақ 15
15. Заңнама тәртiбiмен бекiтiлген конкурсты ұтып алған, операция түрлерiне сәйкестенген Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы, уәкiлеттi органмен ұсынылған тiзiмдерге сәйкес әлеуметтiк көмектi төлеу жүзеге асырылады.