О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 127 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бағалы қағаздар рыногы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген, 2003 жылғы 19 мамыр - 01 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, N 11), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2664 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Аталған қаулымен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережеде: 1 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "1 тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі" 1 пруденциалдық нормативі"; 1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К 1 коэффициентімен сипатталады. К 1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі: ӨА - осы Ереженің 2 тармағымен белгіленген өтімді және басқа активтер; М - міндеттемелер; МКЕАМ - формула бойынша есептелген меншікті капиталдың ең аз мөлшері: ОАЖК - мына формула бойынша есептелген орташа алынған жалпы кіріс: ОАЖК көлемі жыл сайын есепті жылдың бірінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша қаржылық есеп беруге сәйкес есептеледі және қажет болған жағдайда түзету жыл сайынғы аудиттен кейін жасалады. 2. Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады: 1) ақша, оның ішінде: баланс бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын кассадағы ақша; екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақша; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар; 3) Бағалы қағаздары қор биржасының ең жоғары санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген немесе еншілес резидент банктер болып табылатын, ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) санаттарынан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингісі бар резидент емес енші беруші банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары; 4) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандарды қоса)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескеріп); 5) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; 6) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары; 7) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып); 8) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып); 9) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып); 10) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, борыштық бағалы қағаздарының "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып); 11) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып); 12) тазартылған қымбат металдар; 13) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; 14) қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегере отырып, Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (ықтимал шығындар резервін шегере отырып) ұйымдардың дебиторлық берешегі, оның ішінде: қызметкерлердің және басқа тұлғалардың шарт талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген, баланс бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып); Қордың балансы бойынша жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген елу процентке кемітілген активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып); Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады: 1) Қордың баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары, оның ішінде: Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншікте немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер; Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншіктегі үйлер мен ғимараттар; Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншіктегі машиналар және жабдықтар; 2) Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі баланстық құны бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету."; 2 тараудың аты мынадай редакцияда жазылсын: "2 тарау. ""Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі" 2-ші пруденциалдық норматив"; 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К 2 коэффициентімен сипатталады. К 2 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі: ЖӨА - жоғары өтімді активтер."; 4 тармақ алынып тасталсын; 3 және 4 тараулар алынып тасталсын; 10 тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) екінші деңгейдегі бір банк эмиссиялаған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегі салымдарға - мынадай талаптарды сақтаған жағдайда Қордың меншікті активтерінің көлемінің 10 %-ін: осы инвестициялардың мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 35%-нен аспауы тиіс (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигациялардан басқа). Егер банктің борыштық бағалы қағаздары "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва3" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы болған жағдайда, осы инвестициялардың мөлшері меншікті капиталдың 50%-нен аспауы тиіс; екінші деңгейдегі бір банк эмиссиялаған бағалы қағаздарға инвестициясының мөлшері, банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25%-тен аспауы керек (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда); екінші деңгейдегі бір банктің салымдарындағы инвестициялар мөлшері банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25%-тен аспауы керек; Зейнетақы және меншікті активтер есебінен Қордың инвестициясындағы банктің дауыс беруші акциясы осы банктің жалпы дауыс беруші акциялары санының 10 %-нен кем болмауы тиіс;"; 3) тармақшада "осы эмитенттің капиталындағы" деген сөздерден кейін "қаржы агенттіктерін, ипотекалық облигацияларды және мемлекеттің немесе қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшаның бірінші абзацындағы "10" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын; 11 тармақтың 2) тармақшасындағы "немесе жылдық" деген сөздер алынып тасталсын; 14 тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын; 15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "15. Қор ай сайын уәкілетті органға осы айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша К 1 және К 2 коэффициенттері мәнінің есебін және осы Ереженің 4 және 5 қосымшаларының нысандары бойынша пруденциалдық нормативтерінің есебі үшін қосымша мәліметтерді ұсынады. К 1 және К 2 коэффициенттері мәнінің есебі қағазға шығарылып ұсынылады. Пруденциалдық нормативтер есебінің қағазға шығарылған және электронды нұсқада беріледі. Пруденциалдық нормативтер есебінің қағазға шығарылған және электронды нұсқадағы қосымша мәліметтері дәлме-дәл болуы тиіс. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. Оларды жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге теңестіріліп дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеден асатын сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді."; мына мазмұндағы 19 тармақпен толықтырылсын: "19. Қор бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған жағдайда пруденциалдық нормативтерді есептеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады."; мына мазмұндағы 1 және 2 қосымшалармен толықтырылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ереженің 1 қосымшасы 200__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша __________________________________________________________________ (қордың атауы) К 1 және К 2 коэффициенттері мәнінің есебі N Көр­сет­кіш ата­уы Ба­ланс бой­ын­ша құ­ны Ес­ке­рі­ле­тін кө­лем Есеп ай­ы­ры­су құ­ны 1. Ақ­ша - бар­лы­ғы (1.1. - 1.2 жол со­ма­сы): 1.1. Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның он про­цен­ті­нен ас­пай­тын кас­са­да­ғы ақ­ша 100% 1.2. Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің шот­та­рын­да­ғы ақ­ша 100% 2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар 100% 3. Ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры қор бир­жа­сы­ның ең жо­ға­ры са­на­ты бой­ын­ша ре­сми ті­зім­ге ен­гі­зі­л­ген неме­се ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент- тікте­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "А2" ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті- гі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) са­нат­та­ры­нан кем емес ұзақ мер­зім­ді және/неме­се қы­сқа мер­зім­ді же­ке рей­тин­гі­сі бар ре­зи­дент емес ен­ші бе­ру­ші банк­тер­дің ен­ші­лес ре­зи­дент банк­те­рі бо­лып та­бы­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар; 100% 4. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет- тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар­ды қо­сқан­да) (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 5. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, қор бир­жа­сы­ның ең жо­ға­ры са­на­ты бой­ын­ша (қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­лар­дан және "Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" АҚ об­ли­га­ци­я­ла­ры­нан бас­қа) (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) ре­сми ті­зім­ге ен­гі­зі­л­ген Қор­ға қа­ты­сы бой­ын­ша аф­фи­ли- ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес шы­ға­рыл- ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның мем­ле­кет­тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 100% 6. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның  ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­ла­ры (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 7. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, "Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" АҚ об­ли­га­ция- ла­ры (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 8. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, ха­лы­қа­ра­лық кре­дит­тік рей­тинг шәкі­лі бой­ын­ша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "Ва­а2" ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті- гі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) кем емес ұзақ мер­зім­ді рей­тинг ба­ға­сы бар шет мем­ле­кет­тер­дің  ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 9. Ше­тел эми­тент­те­рі­нің, ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тік- те­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "Ва­а2" ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті- гі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) кем емес рей­тинг ба­ға­сы бар мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 10. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­ның "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тік- те­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "Ва­а2" ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) кем емес рей­тинг ба­ға­сы бар ше­тел эми­тент­те­рі­нің ак­ци­я­ла­ры (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 11. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% 12. Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар 100% 13. Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, қор бир­жа­сы­ның ең жо­ға­ры са­на­ты­нан кей­ін­гі (қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­лар­дан бас­қа) (елу про­цент­ке ке­мі­ті­л­ген негіз­гі қарыз бен есеп­тел- ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қор­ға қа­ты­сы бой­ын­ша аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май- тын (оның ішін­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның мем­ле­кет­тік емес эмис­сия- лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 50% 14. Қыз­мет­кер­лер мен бас­қа тұ­лға­лар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гін ше­гер­ген­де­гі (14.1 және 14.2 жол­дар со­ма­сы) Қор­ға қа­ты­сты аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын ұй­ым­дар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі (ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып) 14.1. Қыз­мет­кер­лер мен бас­қа тұ­лға­лар­дың шарт та­ла­бы бой­ын­ша үш күн мер­зім­ге ке­шік­ті­рі­л­ген Қор­дың ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның жиыр­ма про­цен­ті­нен ас­пай­тын мөл­шер­де­гі де­би­тор­лық бе­ре­ше­гін ше­гер­ген­де­гі Қор­ға қа­ты­сты аф­фи­ли- ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын ұй­ым­дар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі (ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып) 100% 14.2. Қыз­мет­кер­лер мен бас­қа тұ­лға­лар­дың шарт та­ла­бы бой­ын­ша тоқ­сан күн мер­зім­ге ке­шік­ті­рі­л­ген Қор­дың ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның он про­цен­ті­нен ас­пай­тын, елу про­цент­ке ке­мі­ті­л­ген мөл­шер­де­гі де­би­тор­лық бе­ре­ше­гін ше­гер­ген­де­гі Қор­ға қа­ты­сты аф­фи­ли- ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын ұй­ым­дар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі (ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып) 50% 15. Қор­дың ба­ланс құ­ны бой­ын­ша негіз­гі құ­рал-жаб­дық­та­ры (15.1-15.3 жол­дар со­ма­сы) 15.1. Қор­дың ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның он про­цен­ті­нен ас­пай­тын мөл­шер­де­гі же­ке мен­шік- те­гі неме­се тұ­рақ­ты жер пай­да­ла­ну құқы­ғы бар жер 100% 15.2. Қор­дың ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның он про­цен­ті­нен ас­пай­тын мөл­шер­де­гі же­ке мен­шік­те­гі үй­лер мен ғи­ма­рат­тар 100% 15.3. Қор­дың ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның бес про­цен­ті­нен ас­пай­тын мөл­шер­де­гі же­ке мен­шік­те­гі ма­ши­на­лар және жаб­дық­тар 100% 16. Қор­дың ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның он про­цен­ті­нен ас­пай­тын мөл­шер­де­гі бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету 100% 17. Өтім­ді ак­тив­тер жиын­тығы (1 - 16 жол со­ма­сы) - ӨА 18. Ба­ланс бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер 100% 19. Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың ең аз мөл­ше­рі (МКЕ­АМ) 20. К 1  "Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың жет­кі­лік­ті­гі" ((17 жол - 18 жол)/19 жол); К 1 > 1 21. Жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер жиын­тығы (1 - 12 жол­дар со­ма­сы) 22. К 2  "Жо­ға­ры өтім­ді ак­тив­тер жет­кі­лік­ті­лі­гі" (21 жол/19 жол*0,3); К 2 >2 23. Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы Басшы ______________________________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ______________________________ (аты-жөні) (қолы) Мөр орны; Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ереженің 2 қосымшасы 200__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша __________________________________________________________________ (қордың атауы) Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер (мың теңге) Бел­гі N Көр­сет­кіш ата­уы Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы 1 2 3 8001 Же­ке мен­шік­те­гі неме­се тұ­рақ­ты жер пай­да­ла­ну құқы­ғы бар жер 8002 Же­ке мен­шік­те­гі үй­лер және ғи­ма­рат­тар 8003 Же­ке мен­шік­те­гі ма­ши­на­лар неме­се жаб­дық­тар 8004 Бас­қа да негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар 8005 Қыз­мет­кер­лер мен бас­қа тұ­лға­лар­дың шарт та­ла­бы бой­ын­ша үш күн мер­зім­ге ке­шік­ті­рі­л­ген де­би­тор­лық бе­ре­ше­гін ше­гер­ген­де­гі Қор­ға қа­ты­сты аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын ұй­ым­дар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі (ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып) 8006 Қыз­мет­кер­лер мен бас­қа тұ­лға­лар­дың шарт та­ла­бы бой­ын­ша тоқ­сан күн мер­зім­ге ке­шік- ті­рі­л­ген де­би­тор­лық бе­ре­ше­гін ше­гер­ген­де­гі Қор­ға қа­ты­сты аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын ұй­ым­дар­дың де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі (ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып) 8007 Бас­қа де­би­тор­лық бе­ре­шек (ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып) 8008 Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар 8009 Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету 8010 Бас­қа ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 8011 Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, қор бир­жа­сы­ның ең жо­ға­ры са­на­ты бой­ын­ша (қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­лар­дан және "Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" АҚ об­ли­га­ци­я­ла­ры­нан бас­қа) (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қор­ға қа­ты­сы бой­ын­ша аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның мем­ле­кет­тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры; 8012 Ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, қор бир­жа­сы­ның ең жо­ға­ры са­на­ты­нан кей­ін­гі (қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ипо­те­ка- лық об­ли­га­ци­я­лар­дан бас­қа) ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қор­ға қа­ты­сы бой­ын­ша аф­фи­ли­ир­лен- ген тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның мем­ле­кет­тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры бой­ын­ша шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар) (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ріп); 8013 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы  ұй­ым­да­ры­ның бас­қа мем­ле­кет­тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры Басшы ______________________________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ______________________________ (аты-жөні) (қолы) Мөр орны".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.