О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 127 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының, 4-тармағына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2316 тіркелген, 2003 жылы "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы" N 11 басылымында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2664 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3428 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3868 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып (елу процентке азайтылған) ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;";
1-қосымшада:
"200__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша К 1 және К 2 коэффициенттері мәнінің есебі" кестесін:
мынадай мазмұндағы 6-1 жолмен толықтырылсын:
6-1.
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарызбен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)
100%
мынадай мазмұндағы 11-1 жолмен толықтырылсын:
11-1.
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарызбен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары
100%
мынадай мазмұндағы 13-1 жолмен толықтырылсын:
13-1.
Ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары
50%
2-қосымшада:
"20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестедегі:
"Көрсеткіштің атауы" бағанындағы 8013 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
8014
Басқа бағалы қағаздар
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.