О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 127 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 4-тармағына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2664 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3428 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 385 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3943 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде: 5-тараудың атауында "екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға" деген сөздерден кейін ", бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: бірінші бөліктегі "екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5
"5) бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне Қордың меншікті активтерінің 15%-нен астам емес мөлшерде болуы тиіс.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.