О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 127 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2316 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2316 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2316 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 19 мамыр-1 маусымда N 11 жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 10-тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацында мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi "тиiс" деген сөзден кейiн "және Қордың зейнетақы мен меншiктi активтер есебiнен банктiң дауыс берушi акцияларына инвестициялары осы банктiң дауыс берушi акцияларының жалпы санының он процентiнен аз болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 17
17-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "10-тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда, Қор осы бұзушылықты өз активтерiнiң есебiнен жояды.".
Тармақ 2
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде екiншi деңгейдегi банктердегi зейнетақы және меншiк активтерi есебiнен сатып алынған салымдарға инвестициялардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127 қаулысымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциялдық нормативтер туралы ереженiң 10-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацындағы талаптарға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.