О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 127 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2664 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3428 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3943 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3992 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 67 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4149 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде: 2-тармақта: 1) тармақшада: үшінші абзацтағы "екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: ""А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;"; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);"; 10-тармақтың 4) тармақшасында: "аспауы" деген сөз "кем болмауы" деген сөздермен ауыстырылсын; "акцияларының" деген сөздің алдынан "дауыс беруші" деген сөздермен толықтырылсын; 1-қосымшада: "20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша _______________ (қордың атауы) К1 және К2 коэффициенттері мәнінің есебі" кестесінде: 1-жолда "1.2" деген цифрлар "1.3" деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1.3-жолмен толықтырылсын: 1.3. "А" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) неме­се "А2" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) ұзақ мер­зім­ді және/неме­се қы­сқа мер­зім­ді, же­ке рей­тин­гі­сі бар ре­зи­дент емес-банк­тер шот­та­рын­да­ғы ақ­ша 100% мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын: 3-1. ық­ти­мал шы­ғын­дар­дың ре­зерв­те­рін ше­ге­ріп та­с­та­ған­да­ғы "А" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) неме­се "А2" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) ұзақ мер­зім­ді және/неме­се қы­сқа мер­зім­ді, же­ке рей­тин­гі­сі бар ре­зи­дент емес-банк­тер­де­гі са­лым­дар (негіз­гі қарыз бен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын есеп­ке ала оты­рып) 100% мынадай мазмұндағы 19.1-жолмен толықтырылсын: 19.1. ор­та­ша алын­ған жал­пы кі­ріс (ОАЖК) 2-қосымшада: "20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша ______________ (қордың атауы) пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестесі мынадай мазмұндағы 8015, 8016-жолдармен толықтырылсын: 8015 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі­нің шот­та­рын­да­ғы ақ­ша 8016 "А" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) неме­се "А2" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Moody's Investors Service" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) ұзақ мер­зім­ді және/неме­се қы­сқа мер­зім­ді, же­ке рей­тин­гі­сі бар ре­зи­дент емес-банк­тер­дің шот­та­рын­да­ғы ақ­ша
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.