О внесении изменений и дополнений в решение Степногорского городского маслихата от 21 октября 2003 года № C-1/7 «Об утверждении Регламента Степногорского городского маслихата», зарегистрированного в Управлении юстиции Акмолинской за № 2161 от 04.12.2003 г. Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 2161 «Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2003 жылғы 23 қазандағы № С-1/7 Степногорск қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: «Степногорск қалалық мәслихаттың реттемесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 қазандағы № С-1/7 Степногорск қалалық мәслихаттың шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: 9 тарау. Степногорск қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша қалалық округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрылуы мен сайлануы. 63. Сайлау комиссиялары жаңа құрамының құрылуы мен сайлануы сайлау комиссиялардың өкілдік мерзімінің аяқталуына дейін екі айдан кешікпей басталады және үш күннен кешікпей аяқталады. 64. Қалалық мәслихаттың хатшысы сайлау комиссиясының құрылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағанға дейін үш күннен кешікпей өзінің өкімімен депутаттар және сайлау комисиялардың кұрамын құру жөніндегі аппарат қызметкерлерінен Уақытша комиссия құрады. Қалалық мәслихаттың уакытша комиссиясы саяси партиялары және басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғардағы комиссиялардан түскен құрылып жатқан сайлау комиссиялардың құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды жинау және өңдеу жұмыстарымен айналысады. Әр саяси партия лайықты сайлау комиссиясына өзінің бір ғана өкілін енгізеді. Саяси партиялар, сондай-ақ, олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиялардың құрамына айтылған саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Уақытша комиссияға саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, жоғарыдағы комиссиялармен тапсырылатын құжаттар тізіміне кіреді: 1) саяси партиялар немесе басқа да қоғамдык бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелердің әділет басқармасында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 2) саяси партия немесе басқа да қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыдағы сайлау комиссияның құрамына кандидаттарды ұсыну туралы орган жиналысының хаттамасынан үзінді; 3) қалалық мәслихатқа сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы арыз және кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер. 65. Сайлау комиссиялары құрамының жобасын дайындаған кезде Уакытша комиссия ең бірінші саяси партиялардан түскен ұсыныстармен қолданады, содан соң жетіден астам мүшелердің ұсыныстарынан басқа да қоғамдық бірлестіктер және жоғарыдағы сайлау комиссиялардың кандидатуралары еске алынады. 66. Сайлау комиссиялардың жаңа құрамына ұсыныстардың кіріс мерзімі аяқталған соң Уақытша комиссия сессия шешімдерінің жобаларын және сайлау комиссиялардың мүшелерін сайлау бойынша бюллетендерді дайындайды. 67. Шешімдер жобалары мен бюллетендер бөлек дайындалады: 1) қалалық сайлау комиссиясы бойынша; 2) округтік сайлау комиссиялары бойынша Степногорск қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша; 3) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша. 68. Сайлау комиссиялардың кұрамына ұсынылған саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және жоғарыдағы сайлау комиссияларымен ұсынылған барлық кандидатуралар уақытша комиссияның арнаулы журналында олардың түсу мен тіркелу кезек тәртібінде шешімдер жобасы мен бюллетендерге енгізіледі. 69. Сайлау комиссиялардың құрамына сессияға қатысып отырған барлық калалық мәслихат депутаттары бюллетендерді алады және оны өздері жеке толтырады. Дауыс беру корытындыларын сессияда құрылған есептеу комиссиясы шығарады. Есептеу комиссиясының сандық кұрамы мен төрағасы мәслихат сессиясымен анықталады. Сессияға қатысқан депутаттардың көпшілігі қолдаса комиссиялар мүшелері сайланған болып есептеледі. 70. Саяси партиялардан ұсыныстар түскенде лайықты сайлау комиссиясы мүшелерінің бірдей санына (жеті) Уақытша комиссия мәслихат сессиясына айтылған сайлау комиссияның құрамын қолдауға ұсыныс енгізеді. Саяси партиялардан ұсыныстар түскенде лайықты сайлау комиссия мүшелерінің саны шектен шықса (жетіден астам) Уақытша комиссия мәслихат сессиясында айтылған сайлау комиссиясын сайлау бойынша рейтингтік дауыс беруді өткізу ұсынады. Саяси партиялардан ұсыныстар түскенде лайықты сайлау комиссия мүшелерінің саны жетпесе (жетіден кем) Уакытша комиссия бюллетенге бос орындарға басқа да қоғамдық бірлестіктерден түскен кандидатураларды енгізеді, ал ондай кандидатуралар болмаса, жоғарыдағы сайлау комиссияларымен ұсынылған (кірістердің түсу кезек тәртібінде) кандидатуралар кіреді. Бос орындарға олардың санына тең ұсыныстар түскенде Уақытша комиссия сессияға айтылған сайлау комиссияның құрамын қолдауды ұсынады. Бос орындарға олардың санының шегінен шықса Уақытша комиссия мәслихат сессиясында саяси партиялардың өкілдерін комиссия құрамына сайлауды ұсынады, ал бос орындарға рейтингтік дауыс беруді өткізу ұсынады. Сайлау комиссияның құрамы бойынша дауыс берген кезде ұсынылған кандидатуралар саны жетіге жетсе, мәслихат депутаттары нақты кандидатура бойынша қарсы болса, ол дәл сол саяси партия немесе қоғамдық бірлестікке жататын басқа кандидатурамен ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен кем емес өткізу ұсынылады. 71. Бюллетенге талапкердің аты, жөні, тегі енгізіледі қай саяси партиядан (басқа да қоғамдық бірлестіктер, жоғарыдағы сайлау комиссиядан) айтылған кандидатура ұсынылғаны көрсетіледі. Кандидатуралар аты-жөнінің оң жағында төртбұрыштар көрсетілген, онда депутаттар белгі қояды (крест, канат белгісі). Депутаттар 7 төртбұрышта белгі қояды. 72. Дауыс беру қорытындылары Есептеу комиссиясының төрағасымен мәслихат сессиясында жарияланады. 73. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиялардың ұйымдастырушылық жиналыстарын өткізу мерзімі туралы (олардың құрылғанынан кейін 7 күн мерзімінен кешікпей) төрағалардың, олардың орынбасарлары және хатшылары сайланғаннан кейін жариялайды. Есептеу комиссияның төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық жиналысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Айтылған кандидатура Есептеу комиссиясымен алынған дауыстардың ең көп саны бойынша анықталады. Депутаттардың дауыстар саны тең болған жағдайында айтылған кандидатура бюллетенде орналасу жері бойынша анықталады. 74. Мәслихаттың хатшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес лайықты сайлау комиссиялар құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар басылымның бір нөмірінде қосымшасымен орналастырылу керек. 75. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық» Заңымен көзделген жағдайда мәслихат лайықты сайлау комиссиясының мүшесін босату және шыққан адамның орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Босаған лауазымның орнын басуға саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктерден айтылған сайлау комиссиясында жоқ өкілдерден ұсыныстар қабылдайды. 76. Сайлау комиссияларын сайлағанда сессияда мәслихаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына сүйене отырып, бір ғана мекеменің жұмысшыларынан құрылуын рұқсат етпеу керек, міндетті түрде лайықты әкімшілік аумақтық жерде тұрғындығын еске алу қажет. Сайлау комиссияның мүшелері Президенттікке кандидаттар, Парламент және мәслихаттар депутаттары, сенім артқан кісілер, жергілікті басқару органдарының мүшелері, кандидаттардың жолдасы (жұбайы) және жақын туыстары, сондай-ақ, кандидаттардың тікелей бағынуындағы тұлғалар бола алмайды.