О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года № 1344 «Об утверждении перечня водохозяйственных сооружений, находящихся в республиканской собственности» и от 29 декабря 2017 года № 933 «О перечне водохозяйственных сооружений, имеющих особое стратегическое значение, в том числе которые могут быть переданы в аренду и доверительное управление» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 және «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»
2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын:
«78) Қаракеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы.»;
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.