О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года № 1344 "Об утверждении перечня водохозяйственных сооружений, находящихся в республиканской собственности" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 151), 152), 153), 154), 155)тармақшалармен толықтырылсын: «151) Қызылорда Сол жағалау магистралды каналы құрылыстарымен; 152) Ботабай суармалы суландыру каналы құрылыстарымен; 153) Жаңадария каналы суландыру тракті құрылыстарымен; 154) Қуандария каналы суландыру тракті құрылыстарымен; 155) Шардара су қоймасынан машиналы су жеткізу.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.