О внесении дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года № 259 "Об утверждении Правил учета и определения стоимости активов инвестиционного фонда, чистых активов инвестиционного фонда, расчетной стоимости пая паевого инвестиционного фонда и цены выкупа акции акционерного инвестиционного фонда" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3124 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 40 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5208 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздардың бағалануы сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.