О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года № 259 "Об утверждении Правил учета и определения стоимости активов инвестиционного фонда, чистых активов инвестиционного фонда, расчетной стоимости пая паевого инвестиционного фонда и цены выкупа акции акционерного инвестиционного фонда" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3124 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5208 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 171 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5396 тіркелген) енгізілген өзгеріс пен толықтырумен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде: 3-тармақта: 4) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: "5) инвестициялық қор активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны; 6) инвестициялық қор активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін); 7) инвестициялық қор активін сатып алу күні және оның сатып алу құны; 8) қаржы құралдары бойынша есептелген кіріс сомасы, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы."; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Инвестициялық қор активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады."; 7-тармақта: бірінші бөлігінде "сауда-саттықты ұйымдастырушының" деген сөздер "қор биржасының" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар жұмыс күнінің соңына Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректерi бойынша алдыңғы сауда күнінің орташа мөлшерленген мәмілелердің бағасы бойынша бағаланады."; мынадай мазмұндағы 7-2, 7-3, 7-4, 7-5 және 7-6–тармақтармен толықтырылсын: "7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарына құнсыздануы бойынша тестілеу жүргізеді. Құнсыздану бойынша тестілеуге эмитент банкрот болған жағдайда, сондай-ақ дефолт немесе делистинг жарияланған инвестициялық қорының активтерін құрайтын қаржы құралдары жатады. Осындай қаржы құралдары құнсызданған жағдайда олардың әділ бағасын анықтау құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады. 7-3. Бағалы қағаздардың құнсыздануына жүргізілетін тестімен құнсыздануды танудың мынадай критерийлері анықталады: 1) эмитенттің қаржылық жай-күйі; 2) кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу; 3) кепілдіктердің болуы; 4) белсенді нарықтың болуы; 5) рейтингтің болуы. Акциялардың құнсыздануына тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады. Борыштық бағалы қағаздардың құнсыздануына тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген критерий қолданылмайды. Әрбір критерий бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді. 7-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді: 1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін; 2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын; 3) эмитент өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қолданатын шараларды қамтиды. 7-5. Эмитенттің қаржылық жай-күйі былайша жіктеледі: 1) тұрақты – эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты: эмитент төлеуге қабілетті; коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес, жалпылама қабылданған нормалар шегінде есептелген; бизнестің дамуы үшін жағымды нарықтық жағдайлары бар, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы; ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған; эмитенттің өзінің міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды; эмитенттің активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас келеді; 2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі "тұрақты" сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады. 3) тұрақсыз – эмитент мынадай факторлардың себебінен өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды деген ықтималы бар: эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес); эмитентті материалдық залалға ұшыратқан, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген төтенше немесе өзге жағдайлардың болуы; 4) өте қиын – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты нашарлауы сыни деңгейге жетті: төлеуге қабілетсіз, эмитент банкрот болуы немесе өзге түрдегі қайта құрылуы ықтимал; шарт талаптарын бұзуы (пайыз немесе негізгі борыш сомасын төлемеу немесе төлеу мерзімдерін бұзу); бағалы қағаздар ұстаушының эмитентке талап ету құқығын беру, өзге жағдайда ол берілмейтін еді; эмитентті материалдық залалға ұшыратқан және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың болуы. Есептен шығару мөлшері бағаланатын бағалы қағаздың санатына байланысты болады, ол осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес анықталады: он пайызға – "1-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін, он бес пайызға – "2-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін, жиырма бес пайызға - "3-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін", елу пайызға – "қанағаттанарлықсыз" жіктеу санаты үшін. Қаржы құралы үшін ашық сауда тоқтатылуына байланысты белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануға растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсыздануының растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қол жетімді деректермен жиынтығында қаралады. 7-6. Акциялардың құны олардың белсенді нарығының болмауы салдарынан әділ құнын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда сәйкестендірілген құны бойынша анықталады. Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын баланстық құнына мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады: он екі ай ішінде, егер ағымдағы құны баланстық құнынан 1-1,5 есе ауытқыса; жиырма төрт ай ішінде – егер ауытқу 1,5-2 есені құраса; отыз алты ай ішінде – егер ауытқу 2 – ден астам есені құраса. Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады. Осы қаулының мақсаттары үшін баланстық құны деп эмитенттің қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын акциялардың құны танылады. Инвестициялық қордың активтерін құрайтын, бұрын қор биржасының тізіміне енгізілмеген қаржы құралдары басқарушы компанияның есеп жүргізу саясатына сәйкес есепке алынады. Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады."; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: "14-1. Тәуекелді инвестициялау инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны күнделікті басқарушы компанияның ресми сайтында орналастырылады."; осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда 1-қосымшамен толықтырылсын; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда 2-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Басқа 1. Бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийлері
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 188 қаулысына 1-қосымша "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 1-қосымша Бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийлері Кри­те­рий­дің ата­уы Балл­дар са­ны 1 Қар­жы­лық жай-күйі: 1.1 Тұ­рақ­ты +0 1.2 Қа­на­ғат­та­нар­лық +1 1.3 Тұ­рақ­сыз +2 1.4 Өте қиын +5 2 Кез кел­ген тө­лем­дер­дің өтеу мер­зі­мін өт­кі­зу: 2.1 Мер­зім өт­кі­зу жоқ -1 2.2 Мер­зі­мі 7 күн­ге дей­ін өт­кі­зі­л­ген +0 2.3 Мер­зі­мі 8-ден 15 күн­ге дей­ін өт­кі­зі­л­ген +1 2.4 Мер­зі­мі 16-дан 30 күн­ге дей­ін өт­кі­зі­л­ген +2 2.5 30 күн­нен астам +3 3 Ке­піл­дік­тің бо­луы: 3.1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­ке­ті­нің (негіз­гі бо­рыш пен сый­а­қы­ның 100% ке­піл­ді­гі болған кез­де) -4 3.2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­ке­ті­нің (негіз­гі бо­рыш пен сый­а­қы­ның 100%-дан аз ке­піл­ді­гі болған кез­де) (балл­дар со­ма­сы ке­піл­дік мөл­ше­ріне про­пор­ци­о­нал­ды есеп­те­ле­ді "- 4"-тен) 3.3 "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А-" тө­мен емес рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ше­тел мем­ле­ке­ті­нің -3 3.4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі -3 3.5 "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А-" тө­мен емес рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ше­тел эми­тен­ті­нің -2 3.6 Ке­піл­ді­гі жоқ +0 4 Бел­сен­ді на­ры­ғы­ның бо­луы: 4.1 Бел­сен­ді на­рық +0 4.2 На­ры­ғы бел­сен­ді емес +1 5 Рей­тин­гі­нің бо­луы: 5.1 "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А" тө­мен емес рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар -4 5.2 "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А-"-тен "ВВВ-"-ке дей­ін рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар -3 5.3 "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "ВВВ-"-тен тө­мен рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар -2 6 Рей­тин­гі жоқ 6.1 "бі­рін­ші ша­ғын са­на­ты­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар" ша­ғын са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар -1 6.2 "екін­ші ша­ғын са­на­ты­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар" ша­ғын са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар +0 7 Эми­тент­тер­дің қор бир­жа­сы ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­ры­ның бі­рін­ші са­на­ты­на кі­ре­тін ак­ци­я­ла­ры және олар бой­ын­ша де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар -1 7.1 Эми­тент­тер­дің қор бир­жа­сы ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­ры­ның екін­ші са­на­ты­на кі­ре­тін ак­ци­я­ла­ры және олар бой­ын­ша де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 0 8 Қор бир­жа­сы ті­зі­мі­нің бу­фер­лік са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар +1 9 Де­фолт, де­ли­стинг неме­се рей­тинг­тің тө­мен­де­уі +2 10 Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ор­на­ла­сты­ры­луын тоқ­та­та тұ­ру (уәкі­лет­ті ор­ган­ның ор­на­ла­сты­ру­ды тоқ­та­та тұ­ру ту­ра­лы ше­ші­мі) +2 11 Ақ­па­рат жоқ +10 Бағалы қағаздарды құнсыздандыру үшін осы критерийлерді қолданған кезде рейтингтік бағасы және листинг санаты болған жағдайда рейтингтік бағасы алынады. 1-ге дейін (қоса алғанда) баллдар сомасын алған жағдайда – бағалы қағаз стандартты деп жіктеледі. Баллдар сомасы 2-ден 4-ке дейін (қоса алғанда) болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді деп жіктеледі. Баллдар сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді деп жіктеледі. Баллдар сомасы 8-ден 10-ға дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді деп жіктеледі. Баллдар сомасы 10-нан астам болған кезде қанағаттанарлықсыз деп жіктеледі. Бағалы қағаз эмитентінің банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз нөлге дейін біржолғы есептен шығарылады.".
Басқа 2. Бағалы қағаздар құнсыздануының қажетті мөлшері
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 188 қаулысына 2-қосымша "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 2-қосымша Бағалы қағаздар құнсыздануының қажетті мөлшері Балл­дар со­ма­сы Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жік­теу са­на­ты Құн­сызда­ну­дың қа­жет­ті (ба­рын­ша тө­мен) мөл­ше­рі 1 Стан­дарт­ты 0% 2-4 1-са­нат­та­ғы күм­ән­ді 10% 5-7 2-са­нат­та­ғы күм­ән­ді 15% 8-10 3-са­нат­та­ғы күм­ән­ді 25% 10 астам Қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз 50% ".