О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 июля 2004 года № 95 «Об утверждении Регламента Житикаринского районного маслихата» Қолданыста
Басқа 0
«Жітіқара аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 21 шілдедегі № 95 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Жітіқара аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 шілдедегі № 95 мәслихат шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3112) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тарауда:
55-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Мәслихат аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Мәслихат тексеру комиссиясының төрағасын (ары қарай текст бойынша төраға) депутаттар арасынан сайлайды.
Төраға өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде мәслихатқа береді және мәслихат бекіткеннен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
2) мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
3) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган табыс еткен жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
4) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының Заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді;
6) жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы келіп түсуіне қатысты мәселелер жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
7) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
8) тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
9) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
11) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартады;
12) тексеру комиссиясы өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдауларын өткізе алады. Тексеру комиссиясы қарамағына жатқызылған анағүрлым маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулары депутаттардың, атқару органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен кеңейтілген отырыстар түрінде өткізіледі. Көпшілік таңдауларын өткізу тәртібі мәслихат регламентімен анықталады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) тексеру комиссиясы өзін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді;
15) тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары облыстық мәслихат сессиясында қарастырылады және оның шешімімен мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі;
16) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында облыстық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс;
17) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны мәслихат хатшысы бекітеді. Төраға тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары бойынша жасайды;
18) жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар жоспарланған мәселені жоспардан алып тастау немесе оны қарастыруды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімдер сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің талап етуімен төрағаның, тексеру комиссиясының мүшелері немесе мәслихат хатшысының ұсыныстары бойынша заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
19) тексеру комиссиясының жұмыс жоспарының орындалуын төраға бақылайды;
20) тексеру комиссиясының отырыстарын қажет болған жағдайда төраға шақыртады, бірақ тоқсанда бір реттен көп емес. Тексеру комиссиясының отырыстарына енгізілетін мәселелерді төраға және тексеру комиссияларының мүшелері дайындайды;
21) тексеру комиссиясының отырыстары оның құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші бар деп есептеледі;
22) тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары нәтижелері қарастырылатын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
өткізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат қорытындылар; тексеру комиссиясы қаулысының жобасы. Жергілікті атқарушы органның облыстық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру қорытындылары бойынша комиссия отырысы аудан әкімдігі ұсынатын келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі: аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп; түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау туралы алдамалық есеп;
23) тексеру комиссиясы өз құзыреті мәселелері бойынша қаулылар қабылдайды;
24) тексеру комиссиясының қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігімен қабылданады.
Тексеру комиссиясы төрағасы комиссия отырысында депутаттардың дауысы тен бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдалана алады.
Тексеру комиссиясының қаулыларына төраға қол қояды. Тексеру комиссиясы бірнеше тұрақты комиссиялардың қатысуымен бірлескен отырыс өткізген жағдайда қаулыға сол комиссиялардың төрағалары қол қояды. Қаулы қол қойылғаннан кейін күшіне енеді;
25) құпиялық режимді арнай мекемелерде немесе "құпия" белгісі бар материалдарды пайдалана отырып өткізілген бақылау нәтижелерін қарастырғанда комиссия жабық отырыстар өткізе алады, оларға тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары белгіленген тәртіппен шақырылады;
26) тексеру комиссиясы отырысының қарауына ұсынылатын мәселені талқылау барысында комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша ресімделеді және отырыс хаттамасына қосымша болып енеді;
27) тексеру комиссиясының қаулылары бақылау іс-шараларының қорытындылары, облыстық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есептің бекітілуі, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылданады.
Бақылау қорытындылары қаулысы анықталған бұзушылықтарды қарастырып, жою шараларын қолдану, мемлекетке келтірілген зиянды өтеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған лауазымдық тұлғаларды жауапқа тарту үшін мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - атқарушы органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
Қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың басқа да фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдары құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тапсырылады;
28) тексеру комиссиясы отырысына ведомстволар мен бақылау объектілерінің тілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатынаса алады;
29) тексеру комиссиясы отырысында хаттама жүргізіледі, онда қатысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен пәні, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз сөйлеулерінің негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған мәселелер магнитофон лентасына (диктофон) жазылады;
30) тексеру комиссиясына түскен өтініштер мен арыз-шағымдар Қазақстан Републикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қарастырылады;
31) бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілген мәслихат хатшысының өкімі шығарылады. Бақылау іс-шаралары туралы өкім қатаң есепті бланктерде ресімделеді және міндетті түрде тексеру басталған күні тексерілуші ұйымның басшысына тапсырылады;
32) мәслихат аппаратының қызметкерлерін бақылау іс-шараларын өткізуге тартқанда мәслихат хатшысы қатаң есепті бланктерде ресімделген арнайы өкімге қол қояды;
33) тексеру комиссиясының төрағасы жұмыс жоспары және бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-шараларын өткізу бағдарламасын жасайды;
34) тексеру комиссиясы мүшелері, аппарат қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты құпия материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуына Қазақстан Республикасындағы құпиялық режимін қамтамасыз етудің заңмен белгіленген тәртібіне сәйкес рұқсат етіледі;
35) бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
Бірінші данасы тексерілуші ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) тапсырылады, екіншісі тексерушіде қалады.
Тексерілуші объектінің басшысын актімен таныстыру үш күнге дейінгі мерзімде өткізіледі.
Келіспеушілік болған жағдайда тексерілуші ұйымның басшысы өз қолының алдында "келіспеушіліктермен" белгісін қояды және жеке құжаттармен өз келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. 10 күн ішінде келіспеушіліктер тексеру сессиясына жолданады;
36) актіге тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгізілмейді;
37) төраға алынған келіспеушіліктерді қарастырады және актіге қол қойылған күннен бастап он күн ішінде ұйымның басшысына жазбаша жауап береді;
38) бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссиясында қарастыруға материалдар, мәслихаттың жақында болатын сессиясына комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы ақпарат дайындайды;
39) тексеру комиссиясының қабылданған қаулыларының іске асырылу барысын төраға бақылайды;
40) тексеру комиссиясы жұмысының жариялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес іске асырылады;
41) тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады;
42) тексеру комиссиясы мен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары актілер мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары талаптарына сәйкес болған жағдайда бақылау нәтижелерін өзара мойындайды, келісілген мерзімде тексерілген объектілер және тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпараттармен алмасады;
43) тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды жылына бір реттен артық емес және екі жылда кемінде бір рет өткізеді;
44) тексеру комиссиясы мүшелеріне бақылау актілерінде баяндалған мәліметтердің растығына, объективтілігіне және толықтығына Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жауапкершілік жүктеледі.
Тармақ 2
2. Шешім Жітіқара ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.