О внесении изменений и дополнений в решение от 21 июля 2004 года № 95 «Об утверждении Регламента Житикаринского районного маслихата» Қолданыста
Басқа 0
"Жітіқара аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 шілдедегі № 95 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Жітіқара аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 шілдедегі № 95 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3112, «Житикаринские новости» газетінің 2005 жылғы 10 қыркүйектегі № 10 санында жарияланған, бұрын "Жітіқара аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" мәслихаттың 2004 жылғы 21 шілдедегі № 95 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 4 мамырдағы № 167 шешімімен өзгерістер енгізілген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген, Жітіқара аудандық мәслихатының Регламентінде:
1) 3-бөлім келесі мазмұнда 16-1-тармағымен толтырылсын:
«16-1. Аудандық мәслихатының 2 сессиясында, жарты жылдықта бір рет, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін аудан әкімі өзінің құзыреті шегінде аудандық мәслихат депутаттарының алдында оған жүктелген қызметтердің және міндеттердің орындалуы туралы есеп береді. Сессияға шақырылады: әкімдік мүшелері, селолық округ және село әкімдері, мемлекеттік мекемелерінің бастықтары, ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары. Есеп және оны талқылау қорытындылары жөнінде, орындалуға әкімдікке жіберілетін, аудандық мәслихатының шешімі қабылданады»
2) 4-бөлімде:
28-тармағында «Әділет министрілігінің аумақтық органдарының» сөздер «Жітіқара ауданының әділет басқармасында» сөздермен ауыстырылсын, «ведомствоаралық сипаттағы» сөздер жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Жітіқара ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.