О внесении изменений и дополнений в решение от 21 декабря 2005 года № 202 «О бюджете города Аркалыка на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 202 «Арқалық қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мсмлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қалалық мәслихатының «Арқалық қаласының 2000 жылға арналған бюджеті туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 202 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-21, 2006 жылғы 13 қаңтардагы «Арқалық Хабары» № 1 газетінде жарияланған, алдында мәслихаттың келесі шешімдерімен өзгерістер, толықтырулар енгізілген: «2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 202 «Арқалық қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 212, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-22, 2006 жылғы 27 қаңтардағы «Арқалық Хабары» № 3 газетінде жарияланған; «2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 202 «Арқалық қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 220, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-25, 2006 жылғы 10 ақпандағы «Арқалық Хабары» № 3 газетінде жарняланған) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес орындауға қабылдансын:
1) кіріс бойынша - 1559894 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 625675 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2394 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3000 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер -928825 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциялар - 346538 мың теңге:
2) шығындар - 1559894 мың теңге;
3) операциялық қалдық – 18019 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - 18019 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру -бюджеттің тапшылығын 18019 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен өтеуді қамтамасыз ету».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 5-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Шешімнің 1, 2-қосымшасы осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
4. Осы шешім Арқалық қаласының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен күшіне енеді.
Басқа 4
Басқа 5