О внесении изменения в решение от 21 декабря 2005 года № 204 «Об установлении стоимости разовых талонов за право реализации товаров на рынках и на отдельные виды предпринимательской деятельности, носящие эпизодический характер, на территории города Аркалыка» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылгы 21 желтоқсандағы № 204 «Арқалық қаласының аумағында ара-тұра снпаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне және базарларда тауарларды өткізу құқығына арналған біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 368. 369, 372, 373-баптарына және Арқалық қаласы бойынша салық комитеті берген хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректеріне сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қалалық мәслихатының «Арқалық қаласының аумағында ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне және базарларда тауарларды өткізу құқығына арналған біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 204 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-19, 2006 жылғы 13 қаңтардағы «Арқалық Хабары» № 1 газетінде жарияланған) шешіміне өзгерту енгізілсін: Шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Арқалық қаласындағы базарларда тауар өткізу құқығын алу үшін біржолғы талондардың құны
Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылғы 4 қазандағы № 292 шешіміне қосымша Арқалық қаласындағы базарларда тауар өткізу құқығын алу үшін біржолғы талондардың құны № Қызмет түрлері Айлық есептік көрсеткіштен пайыз 1 Көкөністер мен жемістерді өткізу 7 2 Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын машинадан сауда жасау: а) жүк көтергіштігі 2 тоннаға дейінгі машинадан 25 б) жүк көтергіштігі 2 тоннадан 5 тоннаға дейінгі машинадан 50 в) жүк көтергіштігі 5 тоннадан аса машинадан 100 3 Азық-түлікті өткізу: а) 4 шаршы метрге дейінгі сауда алаңынан 8 б) 4 шаршы метрден жоғары сауда алаңынан 12 4 Өнеркәсіп тауарларын өткізу: а) 4 шаршы метрге дейінгі сауда алаңынан 9 б) 4 шаршы метрден жоғары сауда алаңынан 15 5 Ет және ет өнімдерін өткізу 12