О внесении изменений и дополнений в решение от 21 декабря 2005 года № 206 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям и одиноко проживающим гражданам» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 206 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 206 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-23, 2006 жылғы 10 ақпандағы № 5 «Арқалық Хабары» газетінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тараудағы 3-тармақтың мынадай сөздері алынып тастылсын: «Пәтер иеленуші Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылатын отбасына шектеулі шығындар мөлшері жиынтық табыстың 15 пайызы болып белгіленеді»; 2) 1-тараудағы 7-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын: «Ауылдық жерлерде, сондай-ақ қала төңірегіндегі жеке секторда тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер үшін, соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлердің әйелдеріне қайтадан некеге отырмаса, тұрғын үйді ұстауға арналған нормасы жылыту маусымына үш тонна көмір, екі текше метр ағаш көлемінде белгіленсін»; 3) 4-тараудағы 25-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) Қазақстан Республикасының Заңдарында және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге, соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлердің әйелдеріне қайтадан некеге отырмаса, тағайындалатын зейнетақылардың және оларға әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.