О внесении изменения и дополнения в решение от 21 декабря 2005 года № 206 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям и одиноко проживающим гражданам» Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 206 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені
бекіту туралы» шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы
Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
«Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмеғін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 206 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-23, 2006 жылғы 10 ақпандағы № 5 «Арқалық Хабары» газетінде жарияланған, бұрын 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 206 «Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 322, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-50, 2007 жылғы 26 қаңтардағы «Арқалық Хабары» № 4 газетінде жарияланған шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тараудың 2-тармағында:
«25 пайызы» деген сөздер «20 пайызы» деген сөздерге ауыстырылсын;
2) 14-тараудағы 25-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жанұя мүшесінің біреуі уәкілетті органның шешімімен балаға қамқоршы болса, баланың ата-анасының кірісі».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.