О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 21 июня 2005 года № 219 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2005-2006 учебный год на подготовку специалистов с начальным и средним профессиональным образованием» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 219 «Бастауыш және орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2005-2006 оқу жылының мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 «Білім туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес және Қостанай облыстық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 138 «Қостанай облысының 2005 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімін орындау үшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 219 «Бастауыш және орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2005-2006 оқу жылының мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3494, 2005 жылғы 22 шілдедегі № 84 «Қостанай таңы», 2005 жылғы 28 шілдедегі № 103 «Костанайские новости»): 2-қосымшадағы : 1) 3, 7, 29-тармақтары алынып тасталсын; 2) тармақтардағы көрсеткіштер ауыстырылсын: 9. «75» сандары «100» сандарына; 35. «75» сандары «100» сандарына; 42. «50» сандары «25» сандарына; 47. «100» сандары «50» сандарына. 3) мынадай мазмұндағы 52, 53-тармақтармен толықтырылсын: «52. 0313002 Кәсіптік оқыту «Тамақ кәсіпорындары өнімінің технологиясы және оны ұйымдастыру» - 50 адам; «53. 0313002 Кәсіптік оқыту «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» - 50 адам.».
Тармақ 2
2. Қостанай облысының білім беру департаменті (Г.Г. Шек) орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бекітілген мемлекеттік білім тапсырысын тиісті оқу орындарында белгіленген тәртіп бойынша орналастырылсын.