О внесении изменения и дополнения в совместное постановление акимата Созакского района от 21 апреля 2006 года № 1 и в решение Созакского районного маслихата от 21 апреля 2006 года № 163 "Об изменении границ администрации поселка Таукент" Қолданыста
Басқа 0
Созақ аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 1 және Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 163 "Таукент поселкесі әкімшілігінің шекарасын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Таукент поселкесі әкімшілігінің шекарасын өзгерту туралы» Созақ аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 1 және Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-21 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 27 мамырда «Молшылық үшін» газетінің 24 нөмірінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Таукент поселкесінің шекарасын өзгерту туралы»;
кіріспесінде:
«басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.