О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 - тармағының 1) - тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексінің 116 бабына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылы 12 қаңтарындағы № 28 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 2 «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (2007 жылдың 4 қаңтары мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-34, «Сарыкөл» № 3, 19 қаңтар 2007 жыл):
1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 779003 мың теңге, оның ішінде:
салықтык түсімдер бойынша - 249575 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер бойынша - 458 мын теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1150 мың теңге;
алынған ресми трансферттер бойынша - 527820 мың теңге;
2) шығындар - 780364 мың теңге ;
3) операциялык сальдо - 1361 мың теңге;
4) бюджет профициті - 1361 мың теңге;
5) бюджеттің профицитін пайдалану - 1361 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары жаңа редақцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5