О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Камыстинского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қамысты ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 10 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап, сондай-ак Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6- бабының 1- тармағынын 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу жөніндегі нөмірі 9-11-45, 2007 жылғы 19 қаңтарда № 3 "Новый путь-Бозторғай" газетінде ресми жарияланған). Көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 644441 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша- 246867 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 490 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 395084 мың теңге; 2) шығындар - 652640 мың теңге; 3) операциялық сальдо —8199 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2680 мың теңге; 6) тапшылық - -10879 мың теңге; 7) тапшылықты қаржыландыру - 10879 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 10879 мың теңге". Көрсетілген шешімнің 3- тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "3. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және дамытуға арналған трансферттер бекітілсін: 1) аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 4012 мың теңге сомасында; 2) мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне, қазыналык кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге 31875 мың теңге сомасында; 3) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін камтамасыз етуге 8830 мың теңге сомасында; 4) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге 28471 мың теңге сомасында; 5) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және трафигін төлеуге 2000 мың теңге сомасында; 6) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге 1418 мың теңге сомасында; 7) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелер үшін лингафондык және мультимедиялық кабинеттер жасауға 5549 мың теңге сомасында; 8) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердін физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 4230 мың теңге сомасында; 9) орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді үйрену жөнінде оқулық, анықтамалық және электрондық әдебиеттерді сатып алуға және жеткізуге 160 мың теңге сомасында; 10) балаларды тамақтандыруды, тұруын және тестілеу пункттеріне жеткізуді ұйымдастыруға 420 мың теңге сомасында; 11) электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға 1235 мың теңге сомасында, оның ішінде: бір айдың ішінде жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің күшімен бюджеттен тыс саланың қызметкерлерін және өзге де санаттағы азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 315 мың теңге сомасында; бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін және жұмыссыз халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту органдарында және мектептерде компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 920 мың тенге сомасында; 12) мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне 267 мың теңге сомасында, оның ішінде: міндетті гигиеналық құралдар 140 мың теңге сомасында; жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне 127 мың теңге сомасында; 13) мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға 2307 мың теңге сомасында, оның ішінде: Қамысты ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 669 мың теңге сомасында; Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі бойынша 1638 мың теңге сомасында; 14) 2007 жылғы 1 қантардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 пайыз тіркелген ставкасын енгізуге және салық салу кезінде кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастауға байланысты бюджетке түсімдердің шығасыларын өтеуге 13100 мың теңге сомасында; 15) Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты селосының сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуға 30000 мың теңге сомасында". 7 тармаққа "2007 жылға арналған аудандық бюджеттін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін" 2 қосымшаға сәйкес толыктыру енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізіледі.
Басқа 3