О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексінің 116-бабына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 150 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (2007 жылдың 4 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-34,«Сарыкөл» № 3, 19 қаңтар 2007 жыл); бұрын енгізілген өзгертулер: 2007 жылдың 19 қаңтарындағы № 227 «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2007 жылдың 23 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-36, «Сарыкөл» № 5, 2 ақпан 2007 жыл және № 6, 9 ақпан 2007 жыл): 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын : «2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 785603 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 256175 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер бойынша - 458 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1150 мың теңге; алынған ресми трансферттер бойынша - 527820 мың теңге; 2) шығындар - 786964 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 1361 мың теңге; 4) бюджет дефициті - 1361 мың теңге; 5) бюджеттің дефицитін пайдалану - 1361 мың теңге.». Көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4