О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Камыстинского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қамысты ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 80 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-45, 2007 жылғы 19 қаңтарда № 3 "Новый путь - Бозторғай" газетінде ресми жарияланған, бұрын аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 228 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-47, 2007 жылғы 2 наурызда № 9 "Новый путь - Бозторғай" газетінде ресми жарияланған):
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 656441 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 258867 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 490 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 395084 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 395084 мың теңге;
2) шығындар - 664640 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -8199 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2680 мың теңге;
6) тапшылық -10879 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру - 10879 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 10879 мың теңге".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3