О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексінің 116-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 291 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (2007 жылдың 4 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-34, «Сарыкөл» № 3, 19 қаңтар 2007 жыл); бұрын енгізілген өзгертулер: 2007 жылдың 19 қаңтарындағы № 227 «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсандағы № 219 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2007 жылдың 23 қаңтары, мемлекетгік тіркеу нөмірі 9-17-36, «Сарыкөл» № 5, 2 ақпан 2007 жыл және № 6, 9 ақпан 2007 жыл), 2007 жылдың 11 сәуіріндегі № 257 «Сарыкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсандағы № 219 шешіміпе өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2007 жылдың 17 сәуірі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-42, «Сарыкөл» № 20, 18 мамыр 2007 жыл және № 21, 25 мамыр 2007 жыл): 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1-қосымшаға келісе Сарыкөл ауданының аудандық бюджеті орындауға алынсын: 1) кірістер - 814463 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 281554 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер бойынша - 1506 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1150 мың теңге; алынған ресми трансферттер бойынша - 530253 мың теңге; 2) шығындар - 815824 мың теңге ; 3) операциялық сальдо - -1361 мың теңге; 4) бюджет дефициті - -1361 мың теңге; 5) бюджеттің дефицитін пайдалану - 1361 мың теңге.». Көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары жаңа редақцияда мазмұндалсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аталган шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4