О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 219 «О районном бюджете Камыстинского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219
«Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қамысты ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қазандағы № 251 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТі:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-45, 2007 жылғы 19 қаңтарда № 3 "Новый путь-Бозторғай" газетінде ресми жарияланған, бұрын аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 228 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 «Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-47, 2007 жылғы 2 наурызда № 9
«Новый путь-Бозторғай" газетінде ресми жарияланған, 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 242 мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-50, 2007 жылғы 25 мамырда № 21 "Новый путь-Бозторғай" газетінде ресми жарияланған, 2007 жылғы 20 шілдедегі № 271 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219 "Қамысты ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-55, 2007 жылғы 31 тамызда № 35 «Новый путь-Бозторғай" газетінде ресми жарияланған" шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакңияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 679440 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 280067 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 495 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4495 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 394383 мың теңге;
2) шығындар - 687239 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 7799 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3080 мың теңге;
6) тапшылық - -10879 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру - 10879 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 10879 мың теңге".
3-тармақтағы:
1) тармақшадағы "4012" деген цифрлар "3712" деген цифрлармен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "4230" деген цифрлар "2975" деген цифрлармен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы "267" деген цифрлар "188" деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Камысты ауданы әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 847 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 847 мың теңге сомасында".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3