О внесении изменений в решение от 21 апреля 2006 года № 26/8-ІІІ «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы 21 сәуірдегі № 26/8-ІІІ
«Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлемдерді белгілеу және
төлеу Ережесін бекіту туралы» шешімге
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын
басшылыққа ала отырып, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 26/8-ІІІ «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу Ережесін бекіту туралы» шешімге
келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Төлемдерді алу құқығы» 2 бөлімде 4 тармақ 2 тармақшада: «басқа негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын» тіркесі алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Төлемдерді алу құқығы» 2 бөлімде 6 тармақ және 8 тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) «Ай сайынғы және бір жолғы әлеуметтік төлемдерді төлеу тәртібі мен шарттары» 3 бөлім 10 тармақта 4, 5 тармақшалар және 13 тармақ алынып
тасталсын;
Тармақша 4
4) «Әлеуметтік төлем мөлшері» 4 бөлім 15 тармақта 1 тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«көзі көрмейтін мүгедектерге - айына 400 теңге»;
Тармақша 5
5) «Әлеуметтік төлем мөлшері» 4 бөлім 15 тармақта 6 және 7 тармақшалар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Риддер қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.