О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 111, 116 баптарына, Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 388 «Мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-24, «Айна» аудандық газетінде жарияланды (арнайы шығарылым) 2007 жылы 9 қаңтарда № 1):
1) Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) түсімдер - 836680 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 349624 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3255 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 7789 мың теңге;
алынған трансферттер - 476012 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 196942 мың теңге;
2) шығындар - 847659 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -10979 мың теңге;
4) бюджеттің дефициті (профицит) - -10979 мың теңге;
5) дефицитті каржыландыру (бюджеттің профицитін пайдалану) -10979 мың теңге;
шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) Көрсетілген шешім 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7 тармақтарымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«2-1. Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер қажет ететін арнайы гигиеналық құралдармен және ымдау тілі маманы, жеке көмекшілер қызметін ұсынуын қамтамасыз ету республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттердің 2007 жылға арналған аудандық бюджетінде түсімі - 676 мың теңге есепке алсын.
2-2. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайыз барлық жеке тұлғаларға жеке кіріс салығының белгіленген ставканы енгізуге байланысты бюджетке түсімдердің жоғалуын толтыруға республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттердің түсімі және айлық есептік көрсеткішінің орнына ең төмен еңбек ақыға салық салған кезде кірістен басқа - 7800 мың теңге есепке алынсын.
2-3. Қазакстан Республикасының білім дамуының 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттерінің түсімі 41895 мың теңге жалпы сомада, оның ішінде:
жалпы орта білімнің мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жабдықтауға - 4230 мың теңге;
жалпы орта білімнің мемлекеттік мекемелерінде типтік штаттарды күтіп ұстауын қамтамасыз етуге - 27023 мың теңге;
тестілеу пункттеріне балаларды жеткізу, тұру және тамақтандыруын ұйымдастыруға - 682 мың теңге;
жалпы орта білімнің мемлекеттік мекемелерінде Интернетке қосуға және трафикті төлеуге - 2000 мың теңге;
жалпы орта білімнің мемлекеттік мекемелерінде кітапхана қорын жаңарту үшін оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге - 2411 мың теңге;
жалпы орта білімнің мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедийный кабинеттерін құруға - 5549 мың теңге.
2-4. Орта білімнің мемлекеттік ұйымдарында кітапхана қорын жаңартуға мемлекеттік тілін оқу жөнінде оқулық, анықтама және электрондық әдебиеттерін сатып алуға және жеткізуге республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттерінің 2007 жылға арналған аудандық бюджетте түсімі 251 мың теңге сомасы есепке алынсын.
2-5. Электрондық үкімет шегінде адам капиталын дамытуға республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттерінің 2007 жылға арналған аудандық бюджетте түсімі 2681 мың теңге сомасы есепке алынсын.
2-6. Мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттікті шектеу шегінде әкімшілік функцияларына берілетін республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттерінін 2007 жылға арналған аудандық бюджетте түсімі 3124 мың теңге сомасында, оның ішінде:
«Қарабалық ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 668 мың теңге сомасында;
«Қарабалық ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2456 мың теңге сомасы есепке алынсын.
2-7. Инфрақұрылымның инженерлік-коммуникациясын дамытуға және жайластыруға республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттерінің 2007 жылға арналған аудандық бюджетте түсімі 62602 мың теңге сомасы есепке алынсын».
3) Көрсетілген шешім мынадай мазмұнда 8-1 тармағымен толықтырылсын:
«8-1. 2007 жылға арналған аудандық бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізімі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін»;
осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес шешім 3 қосымшамен толықтырылсын.
4) көрсетілген шешім мыңадай мазмұнда 8-2 тармағымен толықтырылсын:
«8-2. 2007 жылға арналған аудандық бюджетінің кент, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтерінің бюджеттік бағдарламалардың тізімі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін»;
осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес шешім 4 қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5