О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 116 бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-24, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 9 қаңтарда № 1 (арнайы шығарылым) жарияланды, бұрын мәслихаттың 2007 жылғы 15 қаңтарда № 287 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-29, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 30 қаңтарда № 2 арнайы шығарылымда жарияланды): 1) көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 836680 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 350524 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3 155 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 6989 мың теңге; алынған трансферттер - 476012 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 196942 мың тенге; 2) шығындар - 846459 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -9779 мың теңге; 4) бюджеттің тапшылығы - -10979 мың теңге; 5) қаржылық активтермен операциялар жөнінде сальдо - 1200 мың теңге; 6) тапшыны қаржыландыру - 10979 мың теңге»; 2) көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 3
Басқа 4