О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маслихаттың 2006 жылғы желтоқсандағы № 274 шешіміне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 116 бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 457 «2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-24, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 9 қаңтарда № 1 (арнайы шығарылым) жарияланды, бұрын мәслихаттың 2007 жылғы 15 қаңтарда № 287 «Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-29, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 30 қаңтарда № 2 арнайы шығарылымда жарияланды, мәслихаттың 2007 жылғы 10 сәуірде № 314 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 "Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне озгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-45, аудандық "Айна" газетінде 2007 жылғы 24 сәуірде № 6 арнайы шығарылымда жарияланды): 1) көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 846546 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 358524 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3155 мың теңге; негізгі капталды сатудан алынатын түсімдер - 6989 мың теңге; алынған трансферттер - 477878 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 196942 мың теңге; 2) шығындар - 856325 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -9779 мың теңге; 4) бюджеттің тапшылығы - -10979 мың теңге; 5) қаржылық активтермен операциялар жөнінде сальдо - 1200 мың теңге; 6) тапшыны қаржыландыру - 10979 мың теңге»; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген шешім мынадай мағынада 2-8 тармағымен толыктырылсын: «2-8. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте жалпы орта білімнің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге 1866 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттің түсімі есепке алынсын».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 3