О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2006 года № 313 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 313 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 313 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 14, 136-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Мыналарға: 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тергеу комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Криминалдық полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.