О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 21 декабря 2006 года № 314 «О бюджете города Аркалыка на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы негізінде, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалык қалалық мәслихатының шешімін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-47) жүзеге асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген топтарына мынандай әлеуметтік көмектің көлемдері мен мөлшерлері тағайындалсын:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға және шаштаразға баруға бір адамға 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) айлық есептік корсеткіштен аспайтын мөлшердегі ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін газеттің бір басылымына бір адамды жаздыруға 1,5 (бір бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) зейнеткерлер мен мүгедектерді «Строитель» сауыктыру орталығына сауықтыру үшін табысына қарамастан бір адамға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) Қостанай қаласының емдеу мекемелерінде емделуден өткен халықтың нысаналы тобына жататын азаматтарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) Арқалық қаласының еңбек рыногындағы сұранысы бар мамандықтарға оқыған кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың оқу шығындарын көтеруге бір адамға жылына 230 (екі жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) ауылдардың аз қамтылған отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен, отырғызылатын тұқымдарды сатып алуға 6 (алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшеріндегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) жұмыссыз азаматтар мен кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шыққан шығынның құжаттар негізінде құнын өтеуге есептелген әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) гидроцефалиямен ауыратын балаларға операция жасауға 18 (он сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) Арқалық қаласында тұратын жұмыс істемейтін құрметті азаматтарға табысына қарамастан 3 (үш) айлык есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. 6) тармақшадағы көрсетілген әлеуметтік көмек комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті мемлекеттік сатып алу туралы заңнама белгілеген тәртіп операциясы түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде лицензиясы бар ұйымдар арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына аударылу арқылы жүзеге асады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындап, төлеуде уәкілетті орган «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Р.С. Жақыповаға жүктелсін.