О внесении изменений и дополнений в решение от 21 декабря 2006 года № 314 «О бюджете города Аркалыка на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-47, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Арқалық Хабары» № 1-2 газетінде жарияланған, бұрын «2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 332 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-52, 2007 жылғы 26 қаңтардағы «Арқалық Хабары» № 4 газетінде жарияланған; «2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 364 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-60, 2007 жылғы 4 мамырдағы «Арқалық Хабары» № 18 газетінде жарияланған шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде орындауға қабылдансын:
1) кіріс бойынша - 2170675 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 756429 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 4327 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11244 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1398675 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциялар - 1398675 мың теңге;
2) шығындар - 2201339 мыңтеңге;
3) операциялық қалдық - (-30664) мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
5) қаржылық активтерімен операциялары жөніндегі қалдық - 40000 мың
6) бюджет профициті - (-70664) мың теңге;
7) бюджет профиңитін пайдалану - 70664 мың теңге».
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған қалалық бюджеттің кірісінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін оның ішінде:
білім беру саласында мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу - 933,0 мың теңге;
қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге - 146 мың теңге;
табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылары - 27673 мың теңге;
мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 493 мың теңге;
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің пайдалануын ұйымдастыру -500000 мың теңге.
Тармақ 3
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Арқалық қаласының жергілікті атқарушы органының төтенше резерві 19000 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6