О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 63 «О бюджете Денисовского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 42 «Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Денисов аудандық мәслихатының шешімі жобасын Денисов аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін (2007 жылдың 5 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу номері 9-8-56): 2. Көрсетілген шешімнің 1-пунктіне өзгерістер және толықтырулар енгізілсін: 1) кірістер - 704465 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдері бойынша - 229910 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 450 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 500 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 473605 мың теңге; 2) шығындар - 708295 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -3830 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0; 5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; 6) дефицит - -3830 мың теңге; 7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3830 мың теңге»; 3. 1-қосымшаға өзгерістер және толықтырулар енгізілсін. 4. Көрсетілген шешімнің 4-пункті келесі мазмұндағы 2) кіші пунктімен толықтырылсын: 2007 жылға арналған аудан бюджетінің шығындарында республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен келесі шығыстар ескертілсін: жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің типтік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 30542 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерін Интернет жүйесіне қосуға және олардың трафигін төлеуге - 2000 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық қорларын жаңарту үшін оқулық пен оқу - әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге - 1897 мың теңге; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 5549 мың теңге; орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріндегі биология, химия, физика кабинеттерін оқу құралдарымен қамсыздандыруға - 4230 мың теңге; тамақтануды, тұруды және баларды тестілеу пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға - 410 мың теңге; мемлекеттік тілді оқыту бойынша жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларының жаңартылуына анықтамалық, оқытулық әдебиеттерді сатып алу және жеткізуге - 25 мың теңге; электрондық басқармашылығының шегінде адам капиталын дамытуға - 1669 мың теңге, оның ішінде: жоғары оқу орындары студенттерінің күшімен басқа санаттағы азаматтарды және бюджет саласынан тыс жұмыскерлерді бір ай ағымында компьютерлік білушілікке оқытуға - 425 мың теңге; жұмыссыз халықты және бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарында және мектептерде компьютерлік білушілікке оқытуға - 1244 мың теңге. Мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектерді ақтау жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілінде сөйлейтін мамандардың, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулерін ұсынуға -838 мың теңге, оның ішінде: міндетті гигиеналық құралдары - 584 мың теңге; жеке көмекшілердің қызмет көрсетулерін ұсынуға - 254 мың теңге. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу щеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға - 3124 мың теңге, оның ішінде: «Денисов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 668 мың теңге; «Денисов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 2456 мың теңге. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының тіркеу мөлшерлемесіне 10 пайызды енгізумен байланысты бюджет түсімдерінің шығындарын өтеуге және минималдық жұмыс ақысының кемімелі салық салудағы кірістерден айлық есеп беру көрсеткіштерінің орнынан шығару - 9200 мың теңге; инженерлік - коммуникациялық құрылыстардың дамуына және орналастырылуына - 2406 мың теңге. 5. 2-ші қосымшаға өзгерістер және толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4