О реализации решения Денисовского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 63 «О бюджете Денисовского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылгы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1 бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылга арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешіміне сәйкес (Денисов ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 5 қаңтарда № 9-8-56 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 5 санында және 2007 жылғы 9 ақпандағы № 6 санында жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде қайтыс болған жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 700 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) есеп айырысу құжаттар негізінде тексеру құнының жүз пайыз мөлшерінде, мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) білім беру қызмет көрсетулер туралы шарт негізінде оқу құнының жүз пайыз мөлшерінде Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде туберкулез ауруларын емдеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде уәкілетті органның комиссиясына, құжаттар пакетін тапсырған халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына және аудан әкіміне жазбаша өтініш жазған азаматтардың басқа санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үйде оқып-тәрбиелетін мүгедек-балаларға, ай сайын, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұратын мүгедек-балаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген елу айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде қосалқы шаруашылығын дамыту үшін, «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұратын кедей және жұмыссыздар арасынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек (әлеуметтік көмек көрсету түріне байланысты).
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетік мекемесі (бүдан былай - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілеті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) уәкілеті органмен әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім, құжаттар қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қабылданады;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек ата-аналарының біреуіне немесе өзге де заңды өкіліне беріледі, егер де еңбекке жарамды әкесі (асырап алушы) бала қайтыс болған күнге қарағанда уәкілеті органға жұмыссыз ретінде тіркелген болса, анасының жұмыссыз деп тіркелу фактісі міндетті емес;
Тармақша 3
3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек беріледі, егер де ол адам уәкілеті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса;
Тармақша 4
4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеу рәсімін жүргізген тұлғаларға беріледі. Жерлеуге әлеуметтік көмек сұрау жөніндегі өтініштердің мерзімдері, қайтыс болған күннен үш ай аспау тиіс;
Тармақша 5
5) мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге әлеуметтік көмек отбасының кірісіне карамастан мүгедек-баланың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкіліне беріледі;
Тармақша 6
6) Қазакстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек білім берудің орталық атқарушы органымен жыл сайын комплекстік тестілеуден белгіленген минималдық санынан төмен емес балл жинаған және мемлекеттік білім гранттар ала алмаған жалпы орта білім беру мекемелерінің бітірушілеріне тағайындалады және беріледі:
тиісті жылдық екінші тоқсанына белгіленген, жан басына шаққанда айлық табыс кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларынан мектеп бітірушілеріне;
ата-аналары біреуінің қамқорлығысыз қалған, оның ішінде жетім-балалар;
көп балалы отбасыларынан (төрт және одан да көп, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар бар болса);
бала кезінен мүгедек және 1, 2, 3 топтарындағы мүгедектерге;
Тармақша 7
7) туберкулез ауруларына емделу үшін әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан өтініш берушіге (бала ауру болған жағдайда) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тағайындалады және беріледі;
Тармақша 8
8) табысына карай, халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына, біржолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек және отбасының табысына қарамастан, азаматтардың басқа санаттарына «Денисов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өтініштермен карточкасы негізінде, Денисов ауданы әкімінің қарары болғанда;
Тармақша 9
9) үйде оқып-тәрбиелетін және уәкілетті органның қызмет көрсетуінде тұратын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысына карамастан ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
Тармақша 10
10) қосалқы шаруашылығын дамыту үшін уәкілетті органда есепте тұратын кедей және жұмыссыздар арасынан аз камтылған азаматтарға (отбасыларға) табысы өтініштің алдындағы тоқсанға белгіленген кедейлік деңгейінен төмен әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лиңензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаражы аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы каулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Әкімдіктің 2007 жылғы 21 ақпандағы «Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысы жойылсын.