О реализации решения маслихата от 21 декабря 2006 года № 63 «О бюджете Денисовского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 64-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2007 жылы 5 қаңтарда № 9-8-56 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2007 жылғы 2 ақпандағы 5 санында, 9 ақпандағы 6 санында басылып шыққан) шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламасын іске асыру» атты бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету» (одан әрі - әлеуметтік көмек) деген төлемдер белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының ішкі саясат болімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінідегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес Денисов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді іріктеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жастар саясаты саласындағы өнірлік бағдарламасын іске асыру» деген бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Әкімдіктің 2006 жылғы 23 қазандағы № 333 «Мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 80 «2006 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы», Денисов ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 1 карашада № 9-8-50 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2006 жылғы 10 қарашадағы № 46 санында жарияланған, қаулысының күші жойылған деп танылсын.