О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2006 года № 63 «О бюджете Денисовского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 1 сәуірдегі № 146 «Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Денисов аудандык мәслихатының шешімі жобасын Денисов аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысын қарап Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (2007 жылдың 5 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-56, «Наше время» газетінің 2007 жылдың 2 ақпандағы № 5, 2007 жылдың 9 ақпандағы № 6), бұрын енгізілген өзгерістер: 2007 жылдың 12 қаңтардағы Денисов аудандық мәслихатының № 2 «Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» (2007 жылдың 29 каңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-58, «Наше время» газетінің 2007 жылдың 9 наурыздағы № 10), 2007 жылдың 12 сәуірдегі Денисов аудандык мәслихатының № 22 «Денисов аудандык мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсандағы № 63 «Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (2007 жылдың 20 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-64, «Наше время» газетінің 2007 жылдың 4 мамырдағы № 10, 2007 жылдың 11 мамырдағы № 19). Көрсетілген шешімнің 1-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. «1. Денисов ауданының 2007 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 739598 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдері бойынша - 263791 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 450 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 619 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 474738 мың теңге; 2) шығындар - 743428 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -3830 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0; 5) каржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; 6) бюджеттің дефициті (профициті) - -3830 мың теңге; 7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3830 мың теңге»; 1, 3-қосымшаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. Жаңа редакцияда жазылсын (қосымша беріледі); 3-тармағындағы 4) тармақшасында «5937» саны «6137» санына ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің 4-тармағы мына маңыздағы 3) тармакшасымен толықтырылсын: «3) жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге аудан бюджетінде 933 мың теңге сомасында 2007 жылға республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен шығындар ескерілсін».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4