О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года 22 «О районном бюджете Костанайского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 111, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 86 шешіміне сәйкес және Қостанай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 165 қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-64, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 1 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) бұрын енгізілген өзгерістер 2008 жылдың 18 қаңтардағы № 31 «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 «Қостанай 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-72, 2008 жылғы 1 ақпандағы № 4 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
"1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін.
1) кірістер бойынша 2 565 132,0 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері 1392 142,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер 4805,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 80 479,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері 1 087 706,0 мың теңге;
2) шығындар 2 630 782,9 мың теңге;
3) операциялық сальдо (жарамсыз) -65650,9 мың теңге;
4) қаржы активтер операция бойынша сальдо 2500,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 2500,0 мың теңге;
5) бюджеттік тапшылық (артығы) -68150,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (артығын пайдалану) 68150,9 мың теңге.".
Осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары жаңа редакцияда шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5