О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 сентября 2007 года N 413 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 372-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру ережелерінде: 8-тармақта: бірінші абзац ", сондай-ақ ғылыми сараптамаға жіберілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацта "келісудің" деген сөзден кейін "немесе ғылыми сараптамаға жіберудің" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Қаржы қаражаттарын талап ететін немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды көздейтін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.