О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 111-бабының 1-тармағына, 116-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 3 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 894057 мың теңге, оны ішінде: салықтық түсімдер - 247925 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 413 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1183 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 644536 мың теңге; 2) шығындар - 905409,6 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 11352,6 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 8000 мың теңге; 5) тапшылық - -19352,6 мың теңге; 6) тапшылықты қаржыландыру - 19352,6 мың теңге. оның ішінде: бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 19352,6 мың теңге». Көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «4. Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 21198 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: - шұғыл шығындарға арналған 21198 мың теңге сомасында». Көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "7. 2008 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін". Мынадай мазмұндағы 9, 10, 11-тармактармен толықтырылсын: "9. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен алынған ағымдағы нысаналы трансферттер және дамытуға арналған трансферттер бекітілсін: 1) білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға 5548 мың теңге сомасында; 2) білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге 7713 мың теңге сомасында; 3) ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 6460 мың теңге сомасында, оның ішінде: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 660 мың теңге; - аз қамтылған отбасылардан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 5800 мың теңге; 4) электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға - 2148 мың теңге; 5) мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 559 мың теңге; 6) білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға - "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты селосында 300 орындық орта мектеп салу" - 109534 мың теңге; 7) сумен жабдықтау жүйесін дамытуға "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты селосының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту" 76920 мың теңге. 10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 11. Қамысты ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерінің 2008 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5
Басқа 6