О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 111 бабының 1-тармағына, 116-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 76 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 929057 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 275035 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9073 мың теңге:
трансферттерден түсімдері бойынша - 644536 мың теңге;
2) шығындар - 940409,6 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -11352,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 8000 мың теңге;
5) тапшылық - -19352,6 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру - 19352,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 19352,6 мың теңге".
Көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 5137 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
- шұғыл шығындарға арналған 5137 мың теңге сомасында".
Көрсетілген шешімнің 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4