О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 «Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 111-бабының 1-тармағына, 116-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 133 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-косымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 958959 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер- 300035 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 413 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9073 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 649438 мың теңге; 2) шығындар - 970311,6 мың теңге; 3) операциалық сальдо - -11352,6 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 8000 мың теңге; 5) тапшылық - 19352,6 мың теңге; 6) тапшылықты қаржыландыру- 19352,6 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 19352,6 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында оқу үшін материалдық көмекке 896 мың теңге сомасында.»; көрсетілген шешімнің 9-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "8) жалақының ең төменгі мөлшерінің өсуіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 4006 мың теңге сомасында.".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3