О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 17 «О районном бюджете Камыстинского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 «Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 111-бабының 1-тармағына, 116-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 13 қазандагы № 214 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы" қаулысын қарап Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылга арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 992733 мың теңғе, оның ішінде:
салықтық түсімдер- 336535 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 913 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9073 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 646212 мың теңге;
2) шығындар - 996908,6 мың теңге;
3) операциалық сальдо - -4175,6 мың теңге;
4) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо - 15177 мың теңге;
5) тапшылық - -19352,6 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру- 19352,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 19352,6 мың теңге.";
3-тармақта:
1) тармакшада:
«9400» деген сандар «9310» деген сандармен ауыстырылсын;
оның ішінде 1-абзацта «7600» деген сандар «7510» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«896» деген сандар «551» деген сандармен ауыстырылсын;
9-тармақта:
1) тармакшада:
«5548» деген сандар «5541» деген сандармен ауыстырылсын;
7) тармақшада:
«76920» деген сандар «74136» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылгы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3